Жақсы-жаман, мінез-құлық

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.

Жақсы атын мақтар,
Жаман қатынын мақтар.

Жақсы алдында жалдырарсың,
Жаман алдында тарынарсың.

Жақсы жүрген жеріне кент болар,
Жаман жүрген жеріне өрт салар.

Жақсы аттан жығылса,
Жаман табашы болады.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.

Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.

Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.

Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.

Жақсы іске келді, жаман асқа келді.

Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

1 2 3 4 5 6 7