Күлімдейік

Қармақ салып тұрмызба

    Бiр адам велосипедпен кыдырып келе жатады. Су жағасында демалып тұрганда, қармақ салып тұрған балықшыны байқайды. Жөн сұрамақ болып жанына келедi.
    - Қалай бауырым, қармақ салып тұрмыз ба?
Үн жок. Екiншi рет сұрайды.
    - Қалай бауырым, қармақ салып тұрмыз ба?
Тағы да үнсiздiк. Ашуланып кеткен саяхатшы:
    - Сен не мылқау болып қалғансың ба. Әлде есiң дұрыс емес пе. Солай болса тұр. Осыны айтады да ол көлiгiне мiнiп кетiп қалады. Жүз метр ұзағаннан кейiн балықшы оны қол бұлғап шақырып алады. Саяхатшы алқынып жетедi.
    - Не айтасың?
    - Калай, велосипедпен қыдырып жүрмiз бе?
 

Еркектердің қаны...

Баласы әкесінен:
    - Папа, 8 наурыз неге күнтізбеде қызылмен боялған?
    - Ол біздің еркектердің қаны, балам!
 

Жалықтырмайтын жұмыс

    - Қайда істейсіз?
    - Почтада. Хаттарды мөрлеймін.
    - Әбден жалықтыратын шығар?
    - Жо-оқ, күн сайын жаңа дата.
 

Жазықсыз оқушы

Оқушы мұғалімге:
    - Кез-келген адамды ол істемеген нәрсе үшін жазалауға бола ма?
    - Әлбетте, болмайды!
    - Рас па?
    - Рас.
    - Онда мен үй тапсырмасын орындамадым.

Көргендей боламын

Қожанасырдың қолында өте әдемі жүзікті көрген саудагер досы Қожанасырға былай депті:
    - Қожеке екеуміз бұрыннан доспыз. Жақында қажылыққа барамын, сізді қатты сағынатын боламын. Сондықтан жүзігіңізді маған сыйға берсеңіз, сізді сағынған кезімде жүзікке қарап сізді көргендей болар едім.
    - Мен де сізді сағынатынға ұқсаймын. Ең дұрысы жүзік өзімде қалсын. Жүзікке қараған кезімде, досым сұрағанда бермеп едім деп сізді еске алып тұрамын.

Бәлкім

    Қожанасыр там үстіндегі қардан аяғы тайып жолдың ортасына құлап, орнынан тұра алмай қалған екен. Жолдан өтіп жатқандар жиналып Қожадан жағдайын сұрапты:
    - Мырзам сізге не болды? Неге жерде жатырсыз?
    - Неге тұрмай жатқанымды білгілерің келсе, тамға шығып өз-өздеріңді тастаңдар, сол кезде бәлкім менің тұруым үшін көмектесу ақылдарыңа келіп қалар.

Ұялғанымнан

    Қожанасырдың үйіне ұры түскен екен. Қожа дереу бос сандықтың ішіне жасырынып алыпты. Ұрылар сандықты ашып, ішінен Қожаны көргендерінде таңданысып:
    - Сандықта не істеп отырсыз Қожеке? - деп сұрапты. Қожанасыр дереу:
    - Үйімде сіздерге беретін түгім жоқ болғаны үшін ұялғанымнан сандыққа жасырындым. – деген екен.

Жазғы күн

    Ерлі-зайыптылар демалысында палатка, керек жарақтарын алып табиғатқа шығады. Демалыстарының екінші күні кешкісін жақсылап тамақтанып ұйқыға батады. Бірнеше сағаттан кейін әйелі күйеуін оятады. Күйеуі ұйқысын бөлгеніне ренжігендей болып “Не болды, неге ояттың?” деп сұрайды. Әйелі үрейлі дауыспен:
    - “Жоғарыға қарашы, не көріп тұрсың?” деп сұрайды.
Күйеуі аспанға бір қарап жауап береді:
    - Осыған бола ояттың ба мені? Ал қарадым, миллиондаған жұлдыздарды көріп тұрмын.
    - Жарайды бұлар саған нені көрсетіп тұр?
Әбден ұйқысы ашылған күйеуі кішкене ойланып тұрып былай жауап береді:
    - Теологиялық жағынан қарағанда Аллаһтың құдіретін және өз әлсіздігімді көріп тұрмын. Философиялық тұрғыдан қарағанда аспанның шексіздігін және оның алдында өзімнің түкке тұрғысыз екенімді көріп тұрмын. Астрономиялық жағынан галактикалардың, жұлдыздардың, планеталардың бар екенін көрдім. Ал жұлдыздардың орналасуына қарап арыстан шоқжұлдызына кіргенімізді және сағаттың түнгі 3 болғанын көріп тұрмын. Метеорологиялық тұрғыдан да ертең күннің ашық болатынын көріп тұрмын. Түннің ортасында неге сұрадың бұларды? Жарайды, ал енді сен айтшы, бұл саған нені көрсетіп тұр?
    - Маған палаткамызды ұрлап кеткенін көрсетіп тұр...

Әдепсіз директор

Директор лауазымына отырған әдепсіз бір кісі жүргізушісінен сұрайды:
    – Айтшы шопыр бала! Есекпен шофердың арасында қандай айырмашылық бар?
Жүргізушісі біраз ойланып ұялған сыңай танытып:
    – Білмедім басеке-дейді. Сонда бастығы былай дейді:
    – Есекке “ышша” десең тоқтайды, ал шопырға “тоқта” десең тоқтайды.
Жүргізуші бұған қатты ашуланады, бірақ бастығы болғандықтан ешнәрсе айта алмайды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші директордан сұрайды:
    – Бір сұрақ сұрасам бола ма басеке?
    – Иә сұрай бер.
    – Есекпен бастықтың арасында не айырмашылық бар?
    – Таппадым, сен айтшы жауабын!
    – Ант етейін басеке мен де таппадым...

Әңгіме сәлдеде болса

Сауаты жоқ бір шаруа адам бір хатты алып, Қожаға келеді:
    – Мына хатты оқып бересің бе?
Қожа хатты қарап шығады. Қараса ешқандай мағынасы да жоқ, қалай болса солай жазылған бірнәрсе. Хатты қайтарып:
    – Мен мынаны оқи алмадым,- дейді.
    – Мен сенің сәлдеңе қарап, ғалым деп ойласам.
Шаруаның қорлаған сөзіне шыдай алмаған Қожа басындағы сәлдесін оның басына кигізіп:
    – Әңгіме сәлдеде болса, ал сен оқы, көрейін,- деген екен.

3 4 5 6 7 8 9