Сахабалар өмірінен

Әйелінің айқайы

Бір күні хазреті Омар радиаллаһу анһқа, әйелінің айқайынан шағымдану үшін бір кісі келеді. Хазреті Омардың үйінің есігінің алдына жақындағанында, іштен хазреті Омарға әйелінің айқайлап жатқан дауысын естіп, артқа қайтып кетеді. Сол кезде хазреті Омар оны көріп: 
- Не үшін келдің және неге кірмей кетіп бара жатырсың?- дейді. 
- Сізге әйелімнен шағымданып келген едім. Бірақ әйеліңіздің сізге айқайлап жатқанын көріп, шағымданудан бас тарттым.

Жалғасын оқу

Пісіп жетілген құрмалар

      құрмаСахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда радиаллаһу анһ, таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең соңғы болып шығатын. Бір күні бамдат намазында сүйікті пайғамбарымыз намазды бітіргеннен кейін тәсбиһ дұғаларды айтып, асығып шығып кетті. Бұл жағдай бірнеше күн жалғасқаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз:
      - Ей Әбу Дәрда! Сен әуелде мешітке бәрінен бұрын келіп, бәрінен кейін шығатын едің.

Жалғасын оқу

Салауат шәриф

Бір күні яһудилердің бірі, екі өтірікші куәгер табады да пайғамбарымыздың жанына барып былай дейді:
-Ей Мұхаммед! Сахабаларыңнан пәлен кісі менің түйемді ұрлап алды. Оны көрген куәлар да бар, міне олар. Пайғамбарымыз куәлардан сұрағанында “иә, дұрыс айтады” деп растады. Кейін сахабаларынан болған ол кісіні шақыртып оған

Жалғасын оқу

Тек мен ғана жанайын, басқа ешкім жанбасын!

Сүйікті пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» мәсжиди шәрифте отырғанында хазіреті Жәбрейіл келіп, «Йа Расулаллаһ! Әбу Бәкір орындаған бір ғибадат, жетпіс жылдық ғибадатқа татиды» дейді. Пайғамбарымыз хазіреті Білал Хабашиге: «Йа Білал, Әбу Бәкірді шақыр, келсін!» деп бұйырады. Келген кезде оған:
- Йа Әбу Бәкір, үйіңде не істеп жатқан едің?- деп сұрайды.

Жалғасын оқу

Ол айтқан болса, дұрыс айтқан!

Пайғамбарымыз миғраж оқиғасынан кейін Қағбаның жанына барып, халыққа миғражын айтып береді. Оны естіген кәпірлер оны мазақ етті: «Мұхаммед ақылынан адасыпты» деді. Мұсылман болуға ниеттеніп жүргендер де райларынан қайтты. Кәпірлердің біразы қуанып, Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) үйіне барды. Өйткені, оның ақылды, тәжірбелі және абыройлы саудагер екенін білетін. Олар:

Жалғасын оқу

Сатып алынған құдық

Мұсылмандар Мәдинаға хижрет еткен кезде ауыз су мәселесі қиындау болған еді. Құдық көп болатын. Бірақ, сулары онша жақсы емес-ті. Руме деген құдықтың суы өте керемет еді. Бұл құдық бір яһудидің құдығы болатын. Яһуди мұсылмандарды қинау үшін құдықтан әрдайым су бере бермейтін. Берген күнде де қымбат бағаға сататын, сондықтан барлық адам ала алмайтын және кедей мұсылмандар

Жалғасын оқу
1 2