Хазреті Омар

Әйелінің айқайы

Бір күні хазреті Омар радиаллаһу анһқа, әйелінің айқайынан шағымдану үшін бір кісі келеді. Хазреті Омардың үйінің есігінің алдына жақындағанында, іштен хазреті Омарға әйелінің айқайлап жатқан дауысын естіп, артқа қайтып кетеді. Сол кезде хазреті Омар оны көріп: 
- Не үшін келдің және неге кірмей кетіп бара жатырсың?- дейді. 
- Сізге әйелімнен шағымданып келген едім. Бірақ әйеліңіздің сізге айқайлап жатқанын көріп, шағымданудан бас тарттым.

Жалғасын оқу

Мәжусидің (отқа табынушының) шағымы

Хазреті Омар халифа кезінде шығыс майданның қолбасшысы болған хазреті Са’д бин Әби Уаққас Куфа қаласында бір ғимарат тұрғызбақшы болады. Құрылыс болатын жерге көршілес тұрған мәжусидің үйін де сатып алу керек болады. Мәжуси үйін сатқысы келмейді. Үйіне барып әйелімен кеңеседі. Әйелі «бұлардың Мәдинада бір әміршілері бар, соған барып шағымдан» дейді. Мәдинаға келіп Халифаның

Жалғасын оқу