Табытымды кім көтере алса, Маруф солардан болғаны

Аллаһ достарынан болған хазіреті Маруф Кәрхи «рахметуллаһи алейһ» өмірінде мұсылман, мұсылман емес деп ешкімді бөлместен бәріне жақсылық жасайтын. Сол себепті қайтыс болғанын естіген бүкіл мұсылман емес адамдар да жаназасына жиналып: «Маруф Кәрхи бізден еді» деп жаназаны өздерінің мазарларына апарғысы келеді. Бірақ, бұған мұсылмандар разы болмайды. Сөйтіп дау-жанжал басталып кетеді. Айғай қыза түскенде ортаға бір туысқаны шығады да: «Өтінемін, дауласуды доғарайық. Бұл жөнінде (Маруф Кәрхи хазреттерінің) өзінің тірі кезінде қалдырған бір өсиеті бар еді.» дейді. Мұсылман еместер бірден «Қандай өсиет?» деп сұрайды. Бұған: «Табытымды кім жерден көтере алатын болса, Маруф солардан болғаны деген еді» деп жауап береді. Мұны естіген яһудилер бірден табытқа жармаса кетеді. Бірақ, бір милиметрге де жылжыта алмайды. Христиандар да іске кіріседі. Алайда олар да көтере алмайды. Мұсылмандар ұстаған кезде, табыт құстың қауырсынындай жеңілдеп кетеді. Мұсылмандар оп-оңай көтеріп, бұл мубәрәк әулиені Мұсылман мазарына апарып жерлейді.