Қыс. Жарқын жүзді ұстазым. Ана

 

/upd/2016/0528/1464430997574971950dec30.50956464.png

Қыс келді, алақай!
Қар жауды балақай!
Аққала жасаймыз,
Асыр салып,ойнаймыз.

Айдос Ертаев 9 жас
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы

Жарқын жүзді ұстазым
Мен Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның 2 "а" сыныбында оқимын. Сынып жетекшіміз Айнұр Тоғымбаева. Ол – білімді, жайдарлы және қамқор ұстаз. Ұстазымның жүріс-тұрысы, қарым-қатынасына қарап-ақ ұлағатты ұстаз екенін анық көруге болады. Мен үшін ұстазым ең биік тұлға. Ең алғаш әліппе ұстатып, білім нәрін берген ұстазымды өзіме үлгі тұтамын.

Диана Әділова 7 жас
Ақтөбе қаласы

Ана 
Ана деген адамзаттың асылы,
Жырлап өткен ақындар мен даналар.
Қасиетті, ең қадірлі ананы,
Құрметтеңдер, қастерлеңдер балалар.

Айғаным Жамалова 9 жас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы