Қабылан

       /upd/2015/1128/144870116056596ce88edda8.30840102.pngҚабылан (Acinonyx jubatus) жануарлардың мысықтәрізділер түріне жатады. Қабылан сағатына 112 км жылдамдықпен жүгіре алатын құрлықтағы ең жылдам жануар. Қабыландар Алжирден Үндістанға дейінгі болған аймақтарда көп кездеседі. Көп бөлігі Оңтүстік және Шығыс Африкада өмір сүреді. Иранның Хорасан аймағында да аз бір бөлігі өмір сүреді. Құлағы қысқа, аяғы ұзын, сарғыш түсті және терісінде қара дақтары болады. Кейбір адамдар қабылан мен леопардты бір-бірімен шатастырады. Леопардтың денесіндегі дақтар ірі болады, ал гепардтікі майда болады. Сонымен қатар қабыланның көзінің астынан жағына қарай қара сызығы болады. Бойы 135 см, құйрығы 75 см, ал салмағы 50 кг. Денесіндегі қара сызықтар күннің көзді шағылтатын сәулелерін өзіне тартып, ыстық күндерде де еркін көруін қамтасмасыз етіп, оңай аулай алады. Қабландар биік шөптердің арасына жасырынып,  бөкен, киік, қоян сияқты  жануарларды аулайды. Олжасын құып жету үшін сағатына 112 км жылдамдықпен жүгіре алады. Бұл жылдамдық 400-500 метрден кейін төмендейді. Сағатына 120  км жылдамдыққа 3,1 секундтың ішінде жетеді.
      Егер 460 метрден артық жүгіретін болса, дене температурасы 46 градустың үстіне көтеріліп кетеді. Ал бұл жағдай қабыланның миына зиян келтіреді. Сондықтан аң аулаған кезде олар 1 минуттан артық жүгірмейді. Сол уақыттың ішінде қашып жеткізбеген аң аман қалады. Қабыландар тез жүгіретін жануарлар болуына қарамай ауларының тең жартысында ғана олжаларын ұстауға мүмкіндік табады. Олар сүйектерінің  жіңішке және жеңіл болғандығының арқасында тез жүгіреді. Сондықтан қабыландар ұстаған аңын жеп жатқан кезде шиебөрі сияқты аңдар келсе, аулаған аңын тастап, кетіп қалады. Өйткені шиебөрілердің сүйектері өте қуатты болады. Ал қабыланның жіңішке сүйектері онымен алысуға жарамайды. Қабыланның тез жүгіру себептерінің бірі де құйрықтарының ұзын болуында. Жүгірген кезде құйрықтарын да пайдаланады. Қабыландар киік, жайрансияқты аңдарды аулайды. Бірақ киіктер мен жайрандар әлемдегі ең тез айла-әрекет жасайтын аңдар болып табылады. Қабыландар өте жылдам жүгіруіне қарамастан құйрықтарын руль сияқты пайдаланып, шұғыл  бұрылыстар жасай алады. Ең жоғары жылдамдыққа жеткен кезде әр қадамының арасы шамамен 15 метрге жетеді.  
     Қабыландар өрмелей алмайды және тырнақтарын мысықтар сияқты табанының  ішіне тартып, кіргізе алмайды. Ол басқа жыртқыш мысықтар сияқты  қырылдап дауыс шығармайды. Есейген қабыландардың салмақтары 39-65 кг шығады. Қабыландар ет қоректі жануарлар қатарына жатады. Аңшылар қабыланды атта жүріп аңдиды. Олардың көбеюінің белгілі бір маусымы  жоқ. Әр жылы 95 күндік жүктілік уақытынан кейін 3-4 бала туады. Балаларының көздері екі аптадан кейін ашылады. Терісі қою түсті болады. Қабыландар кейде аңдарын жалғыз аулайды, кейде топтасып аулайды. Олардың терілерін киімдерге пайдаланғандықтан сандары едәуір азайып барады.