Әжемнің әлегі

 

/upd/2016/0317/145821303856ea90aef1e8d1.38038635.jpg

Менің әжем тамаша,
Ақ жаулығы жараса, 
Денсаулығы жараса,
Жүгіріп жүр балаша:
- Мынау менің қызыма,
Мынау менің ұлыма,
Ал, мыналар балама!
Ана қалта бес кәмпит,
Мына қалта бір алма,
Төс қалтада құрты бар,
Рұқсатсыз бірақ, сен алма!
Өзі берер оңаша,
Өйткені, ол тамаша!

Көпешбаев Абылайхан
9 жас Қызылорда қаласы