Судың үстінде орналасқан стадион

      Судың үстінде орналасқан стадион Сингапурде, Марина-Бэй шығанағында орналасқан. Мұндай стадион әлемде жалғыз болып табылады. Болат пен мыстан жасалған платформаның ұзындығы 120 метр, ал ені 83 метр. Стадион 1070 тонна салмақты яғни шамамен 9000 адамды көтере алады. 30 000 көрерменге арналған стадионның трибунасы судың жағалауында орналасқан.