Әлемдегі ең үлкен көбелек

      «Attacus atlas» көбелегі тауыскөз тұқымдысына жататын әлемдегі ең үлкен көбелек болып табылады. Қанатқұлашы 24 сантиметрді құрайды. Атлас көбелегі Оңтүстік-Шығыс Азияның тропиктік және субтропиктік ормандарында, Оңтүстік Қытай, Таиландтан Индонезияға дейін, Борнео, Ява аралдарында кездеседі.