Құмырсқаның көздеріндегі компас

         Біз тұрғылықты жерімізден басқа елге немесе басқа бір қалаға барар кезімізде бағытымызды табуға көмектесетін көмекшілер қажет болады. Әсіресе баратын жеріміз біз білмейтін  жер болса міндетті түрде бір компас және карта болу керек. Карта біздің қай жерде екенімізді, ал компас қай жаққа баратынымызды, яғни бағытымызды көрсетеді. Біз осы нәрселерді қолдану арқылы және білетін адамдардан сұрау арқылы жолымызды таба аламыз. Ал бірақ басқа жанды заттар жолдарын қалай табатынын бір ойлап көрдіңдер ме? Мысалы бір шөлде тамақ іздеп шыққан құмырсқаның әр сапарында өз ұясына қалай оралатыны туралы ойланып көрдіңдер ме? Тунистің Ақтеңіз жағасында өмір сүретін шөл құмырсқасы шөлде ұя құратын жәндіктердің бірі. Бұл құмырсқа ешқандай компас та, карта да қолданбай өз жолын қиналмай, қателеспей тауып, ұясына қайта алады.
      Шөлдерде температура 70 градустық ыстыққа дейін көтеріледі. Құмырсқа өте ыстық шөлдегі құмда ұясынан азық іздеу үшін шығады. Ұясынан бастап көлемі 200 метрге дейін баратын алаңда жиі-жиі тоқтап, тұрған жерінде айналмалы жол жүріп, азық іздейді. Бұл жолды картадан көре аласыз. Бірақ бұл шиеленіскен жолдардан құмырсқа адасып қалады деп ойламаңдар. Өткені құмырсқа жейтін тамағын тапқан кезде дереу ұясына қарай түзу жолмен артқа қайтады. Құмырсқаның бұл жол жүруін адамның көлемімен салыстырғанда, бір адамның шөлде 35-40 км әр түрлі бағытта жол жүргеннен кейін, бастаған жеріне түп-түзу жолмен қайта алуы сияқты.  Ал бірақ құмырсқа адам үшін мүмкін емес болған бұл істі қалай атқарады?
     Құмырсқа айналадағы заттарға қарап жолын анықтайды деп айта алмаймыз. Өйткені шөлде жүрген жолды анықтайтын ағаш, тас, өзен немесе көл сияқты белгілер жоқ дерліктей өте аз кездеседі. Айнала тек қана құм. Өзге заттар болған жағдайда да ештеңе өзгермейді. Өйткені құмырсқаның ол заттарды көріп, есінде сақтап, жүрген жолдарын жаттап алып кейін бағыттарын белгілеу үшін қолдануы мүмкін емес.
Құмырсқа бұл қиын істі өзіне берілген денесінің ерекшелігі арқылы жүзеге асыруда. Құмырсқаның көздерінде бағытты анықтайтын бір жүйе бар.  Аллаһу та’аланың берген құмырсқаның көздеріндегі жүйе, бүкіл бағытты табуға арналған құралдардан үстем. Өйткені біздің көре алмайтын кейбір сәулелерді қөре алатын құмырсқалар, бұларды қолдану арқылы айналасына қараған кезде солтүстіктің, оңтүстіктің қайда екенін анықтай алады. Сол сәуленің арқасында ұяның қай тарапта екенін болжай алатын жәндік, кері қайтар кезде еш қиналмайды.
       "Аллаһтан басқа, өздеріне аспаннан және жерден ешбір ризыққа, ешбір нәрсеге ие болмаған және бұған күштері де жетпейтін нәрселерге табынып жатыр ма? Бұдан бұлай Аллаһқа ұқсастарды іздеуге тырыспаңдар. Өйткені Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер."(Нахл сүресі: 73-74)
       Адамдар сәулелердің ерекшеліктерін жақында ғана зерттеп үйренді. Алайда құмырсқа, адамдардың білмейтін бұл сәулелердің ерекшеліктерін туылғаннан бастап біліп, қолданып келеді. Күмәнсіз бұл құмырсқа түрінің көздері сияқты кемістіксіз бір жүйені кездейсоқтыққа балау мүмкін емес. Құмырсқаның алғаш пайда болған кезден бастап бұл ерекшеліктегі көзге ие болуы тиіс. Әйтпесе ыстық шөлде кері қайталмайтындықтан өмір сүруі мүмкін болмас еді. Бүкіл шөл құмырсқаларында алғашқы күндерінен бастап қазіргі көздері бар. Бұл көздерді  олар үшін ең үстем ілім иесі болған Аллаһу та’ала жаратқан.  
құмырсқа, компас,