Бес сұрақ, бес жауап

      бес сұрақ, бес жауап, 700 ғалым Шақиқ Бәлхи хазреттері былай деген: 700 ғалымға бес сұрақ қойдым. Барлығының жауабы шамамен бірдей болды. Бұл жауаптар мыналар: 
       1) Ақылды деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Дүниелікке мән бермеген адамға» делінді. Дүниеге мән бермеген адам ахиретке мән береді. Ахиретке мән берген адам шексіз, мәңгі бақытқа қауышады. 
      2) Зерек деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Алданбайтын адамға» деп жауап берді. Қай тұрғыдан алданбайды? Барлық тұрғыдан алданбайды. Дін істерінде де алданбайды, сауда-саттықта да алданбайды. Алданбауымен қатар, басқаларды да алдамайды. Өйткені дінімізде алдану да, алдау да жоқ. 
     3) Дәруиш деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Аллаһу та’аланың разылығын, Оның құлдарының разылығынан үстем тұтқандарға дәруиш делінеді» деп жауап берді. Демек, дәруиш адамдарды разы қылу үшін емес, Аллаһу та’аланы разы қылу үшін өмір сүреді. Адамдардың қалаулары мен Аллаһу та’аланың қалаулары бір араға келсе, ол әрдайым Хақ та’аланың тарапын таңдайды. 
      4) Бай деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Қанағат еткен адамға» деп жауап берді. Адамның нәпсі тойғанын білмейтін хаюла деп аталатын жануарға ұқсайды. Ешқашан, маған осы жетеді, демейді. Барлық нәрсені талап етеді. 
       5) Сараң деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Аллаһу та’ала берген аманатты өзінен деп білген адамға, бүкіл нәрсесін өзінікі деп ойлаған адамға айтылады.» деп жауап берді.