Денеміздегі сүйектер

/upd/2015/0824/144043341855db450ab26431.15995585.png      Денемізде жалпы 206 дана сүйек бар. Неге осыншалықты көп деп ойлауларың да мүмкін, бірақ қазір келтіретін мысалдарымыздан бұлардың қаншалықты қажетті және маңызды екенін түсінесіңдер. Мысалы, алдымен саусақтарымызды ойлап көрейік. Егер әр саусағымыз бір ғана сүйектен тұрғанда, ештеңені ұстай алмас едік. Не үшін бе? Өйткені түп-түзу, бір ғана сүйектен тұратын саусақты бүгу мүмкін емес. Егер бүгуге тырысатын болсақ саусақ сынып кетеді. Ал саусақтарымызды бүге алмағандықтан заттарды ұстауымыз, жазу жазуымыз, тамақ жеуіміз мүмкін болмас еді. Күнделікті өмірімізде кітапты қиналмай, еркін ұстай алуымыз және екінші қолымызбен су іше алуымыздың бірден-бір себепшісі, қолымызда саусақтармен қоса есептегенде бір-біріне байланысты 27 дана сүйектің бар болуы. 
      Жоғарыда атап өткеніміздей денемізде қолымыздағы сияқты бір-біріне байланысты болған жалпы 206 дана сүйек бөлшегі бар. Бұл сүйектердің барлығы өз орындарына жоспармен орналастырылған. Бұл мінсіз жоспардың арқасында алға қарай иіле аламыз, тіземізді бүгіп, басымызды жан-жаққа бұра аламыз. Бірақ осының барлығын тек сүйектерді ғана қолдану арқылы жасауымыз мүмкін емес. Өйткені сүйектер иіліп, бүгіле алмайды. Бұл әрекеттердің атқарылуын қамтамасыз ету үшін сүйектердің бір-біріне жалғанған жерлерінде буындар болады. Сол буындардың арқасында емін-еркін қолдарымызды бүгеміз, аяқтарымызды көтереміз, саусақтарымызды қолданамыз.
     Буындар сүйектердің қимылдауы үшін қаншалықты маңызды екенін жақсырақ түсіну үшін мынадай мысал келтірейік: Тақтайдан бір қуыршақ жасадық деп елестетейік. Бұл қуыршақтың қолдарын қимылдату үшін не істеуіміз керек? Әрине иығымен қолының бірлескен жеріне қимылдататын бір бөлшек орнатпасақ қуыршақтың қолдары қимылдамайды. Ал аяқтарын қалай қимылдатамыз? Ол үшін де аяғы мен денесінің бірлескен жеріне қимылдататын бөлшек орнату керек. Тек осы жолмен ғана тақтайдан жасалған қуыршақтың қолдары мен аяқтарын қимылдата аламыз. Дәл сол сияқты қол мен аяғын жасауда қолданған тақтайдың бөлшектерін екі бөлікке бөліп, араларына қимылдататын бөлшектерді орнатсақ, қолдары шынтақтарынан, аяқтары тізелерінен бүгілетін болады. Бұл қарапайым мысалдан түсінікті болғанындай сүйектеріміздің санының көп болуы және араларына буындардың орнатылуы біздің еркін қимылдауымызды қамтамасыз етеді.    

      Сүйектің ғажайып ерекшеліктері
 Эйфель     Сүйектеріміздің арасындағы біуындардың әртүрлісі бар. Кейбір буындар сүйектердің алға-артқа қимылдауын, ал кейбіреулері жан-жаққа қимылдауын қамтамасыз етеді. Біз қазір сүйектер мен буындардың ішіне кіріп, жақыннан зерттейіек. 
  Сүйектердің төзімділігін арттыратын суретте берілген бұл тор сияқты құрылым, күнімізде құрылыс жұмыстарында да ғимараттардың төзімді болуы үшін қолданылады. Мысалы, Эйфель мұнарасы сүйектердің ішкі құрылысына ұқсатылып салынған. Сүйектерімізге денені тасымалдау, қорғау сияқты маңызды міндеттер жүктелген. Сондықтан қиын жұмыстарды орындай алатындай қуатты етіп жаратылған. Сүйектер жеңіл болады. Өйткені ішкі жағы араның ұясы сияқты қуысты, кеуекті келеді. Іші кеуекті және жеңіл болғанымен, өте мықты, төзімді болады. Сынуға қарсы беріктігі де соншалық, тіпті болаттан да 5 есе артық шыдамды. Мысалы, санымыздағы сүйек тік тұрған кезде, 1 тонна салмақты көтере алатындай орасан зор қуатқа ие. Жүрген кезде басқан әрбір қадамда бұл сүйекке дене салмағымыздан 3 есе артық салмақ түседі. Бірақ сүйектеріміздің беріктігінің арқасында бізге ешнәрсе білінбейді.