Баланы өсіру емес жетілдіру керек

    бала  Бала өсіру ұғымы басқа, ал баланы жетілдіру ұғымы мүлдем басқа. Баланы мектепке беру, тамағын, киімін беру, қыдырту дегендер жетілдіруге жатпайды. Егер осы айтылғандармен шектеліп қалса, алдағы кезеңі қиынға соғады.

     Бала тәрбиесін анасына тапсырған әкелер, немесе әкесіне тапсырған аналар, немесе басқа біреуге тапсырған ата-аналар, қандай сылтау айтқанымен ақталмайтынын және жауапкершіліктен құтылмайтынын ұмытпауы тиіс.

     Жанұялық өмірдің жемісі болған баланы жетілдіру, ата-ананың аңда-саңда, есіне түскенде, мәжбүр болғанда ғана емес, тұрақты түрде бүкіл көңіл күйімен сезінуі керек болған міндеттерінің бірі.

     Кішкентай кезінде үйренген нәрселері тасқа ойылып жазылғандай болып баланың жадында қалатынын ұмытпау керек. Оларға не берген болсақ келешекте алдымыздан сол нәрсе шығады.

      Баланы жетілдіретін тек қана мектеп емес және бала жетілдіру мәселесі өте керемет те болса мектеп пен айналадағы ортаға тапсырып қоюға болмайтын өте маңызды мәселе. Барлық жерде балаларынан бәрінен бұрын ата-анасы жауапты.

      Баланың жақсы тәрбие алып өсуі үшін жанұялық ортаның маңызы өте зор. Үй балаға рухани байлық, көңіліне тоқтық беретін, барлық жағынан ең әдемі түрде жетілуі үшін көмекші болатын ыстығы толы ұя, бір жағынан мектеп секілді болуы керек.

      Материалды мүмкіншіліктер және табыс деңгейі алдыңғы қатарда болмау керек. Адам мұны өзіне міндет деп қараса және қолынан келгенін жасаса өте аз мүмкіндіктермен мүмкіндігі өте жоғары адамдардан да көп нәрселерге қол жеткізе алады.

      Жетістікке жетудің ең маңызды факторларының бірі үлгілі жанұялық өмір құру. Демек жанұя, сыртқы өмірдегі бүкіл болымсыздықтарға қарсы шара болатын тыныштық ордасы деген қасиетті иемденуі керек. Мына нәрсе әрқашан есте болсын: Oтбасы ішіндегі бақыт немесе бақытсыздық баланың рухани әлеміне және әрекеттеріне тікелей және міндетті түрде әсер етеді