2020 қаңтар Балалар бақшасы

Жаңа жыл
Келді міне Жаңа жыл
Жаңа арман, жаңа жыр.
Барлық бала шаттанып,
Би билейді қуанып.
Неткен әсем қыс деген
Құлпырды ғой айнала.
Аппақ дала, қаламыз
Жаңарды ой-санамыз.

Аманбек Нұргүл
Қызылорда қаласы №112 орта мектеп 3 «Б» сынып оқушысы

Қыс кереметі
Бала біткен мәз мейрам.
Шаңғы теуіп, шанамен.
Қыс қызығын қызықтап,
Сырғанаймыз, ойнаймыз.
Жасымыз да,кәріміз,
Бақыттымыз бәріміз!

Акмурзаева Аяулым, 7 жас
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы

Елбасы – Қазақстан мақтанышы
Артта қалды соғыс та, тар заман да,
Мына ғасырда не керек? Бәрі алда.
Ынтымақ пен бірлікті негіз қылған,
Елбасы – қасиетті дара тұлға.
Әлемде даңқы шыққан қазағымыз,
Желбіреп көк туымыз, байрағымыз.
Жаңа өмірге қадам басты қазақ халқы,
Тәуелсіздік – ең басты байлығымыз.
Барша ұлтты бауырына басқан – қазақ,
Татулықты серік етіп жүрген – қазақ.
Біреуді артық, біреуді кем көрмеген,
Арқа сүйер Елбасына барша қазақ.

Даменова Фарида, 16
Астана қаласы

Сыңғыр-сыңғыр
Сыңғыр - сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік.
Саусақтарда сақина,
Сана, салып ақылға.
1,2,3,.... 1,2,3.....
Демалайық жинап күш.

Кенжегулова Майра
Қарағанды қаласы "Балапан" бөбекжай КМҚК

Менің кітапханам

Менің аты-жөнім Абутали Айшат. Мен Ақтөбе қаласы № 60 жалпы білім беретін орта мектептің 4 «А» сынып оқушысымын. 2-сыныптан бастап Ақтөбе қаласы Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының тұрақты оқырманымын. Кітапханаға алғаш рет әжем ертіп келген еді. Кітапханада қызықты әрі тартымды кітаптар өте көп. Бұл жерде тыныштық қатты сақталу керек екен. Кітапханашы апайлар маған кітаптарды таңдауыма көмектеседі. Кітапханаға оқушы балалардан басқа мектепке бармаған іні, сіңлілерімді де алып келуге болатынын білгенде қатты қуандым. Кітапханашы Шауқарбай Аймереке апайыма алғысым шексіз. Балалардың білімін жетілдіріп, шығармашылық қабілетін арттыруда кітапхананың алатын орны зор. Мен кітапханадан көптеген ақын жазушыларымыздың өлеңдерін, әңгімелерін оқып тұрамын. Әсіресе балалар журналдары, ертегілер, сөзжұмбақтар, әлем ғажайыптары туралы кітаптар мені қатты таңқалдыруда. Мен кітапханадан алған кітаптарымды сынып жетекшіме және сыныптастарыма апарып көрсетемін. Достарыма кітапханаға барып, өздеріңді қызықтыратын кітаптарыңды алып оқыңдар деп кеңес беремін. Кітапханадан көптеген ақын-жазушылардың кітаптарын алып оқығаннан бері менің кітап оқуға деген қызығушылығым арта түсті. Төлеген Айбергеновтың «Ана», Мұқағали Мақатаевтың «Отан», Фариза Оңғарсынованың «Біреуге» өлеңдерін оқыдым. Биыл қыркүйек айында «Мұрагер» интелектуалды білім порталы ұйымдастырған, Республикалық қашықтықтан өткізілген «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, Тұманбай Молдағалиевтың «Қазақ деген халықтың баласымын» атты өлеңін оқып III орынды иеленіп, дипломмен марапатталдым. Балалар, мен сендерге бос уақыттарыңды тиімді пайдаланып, кітапханаға барып кітап оқыңдар деп айтқым келеді.

Туған тілім - айбыным

Тіл- адамның асыл қазынасы. Қазақстанда  мемлекеттік тілі - қазақ тілі.Қазақ тілінің  мәртебесі  өте жоғары.  Мен өз ана тілімді, өзге де тілдерді аса құрметтеймін. Осындай ұлағатты және дана сөз бар: "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген сөзде көп мағына бар.
     Ұлтым түрік, бірақ қазақ тілі менің екінші ана тілім. Қазақ тілі өте бай, көрікті тіл, қазақ тілінде мен білім алып, өсіп, өркендеп жатырмын. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Қазақстан жерінде 130-дан астам  ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Қазақстан жері, елі, тілі, тарихы мәңгі биікте болсын деп тілеймін.Мен Қазақстанмен мақтанамын !
Кең даламның үнісің
Қазақ тілі!
Дархан жердің байлығы
Қазақ тілі!
Төле, Қазыбек, Әйтеке жырлаған тілде,
Қазақ тілін құрметтеп жүрміз біз де.

Мугдетова Айгюн, 4 "Ә" сыныбы, Алматы облысы, Талғар аудан Туғанбай  ауылы

Туған тілім - айбыным

Мен өз тілімді құрметтеймін. Тіл туралы өлең, жыр, тақпақ айтамын. Тіл өз анаңдай, саған барын береді. Тіліңді құрметтеуің керек. Қаншама сөйлей алмайтын адамдар бар. Тілің барда, қадірін біл. Көп адамдар шет елге барып сол елдің тілімен сөйлеп, өз тілін ұмытады, олай ешқашан істеуге болмайды. Иә, өзге тілді білуге ешкім қарсы емес және мынандай мақал да бар: "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген. Өз ана тілің сенің міңгілік серігің. Сондықтан өз тіліңді сыйлай біл!
Өз шығармашылығым:
"Ана тілім"
Ана тілім ақ тілім,
Бақытымсың бақ тілім.
Қадірлесең тіліңді,
Баласың дана, білімді.
Ана тілім байлығым,
Жанымдағы жайлығым.
Үлкен, кіші, кәріміз,
Сыйлайық тілді бәріміз!

Болатова Аяжан. 4 "Ә" сынып Алматы облысы, Талғар ауданы Туғанбай ауылы 


Сіңілім
Сіңілім бар кішкентай ,
Қылығы оның тәтті .
Өзі тіпті ақылды,
Кіп-кішкентай болса да,
Бәрін түсініп, біледі.
Қиялы оның ұшқыр,
Тез жетіліп, тез өсіп,
Таудай болып шығады.

Шөкенова Жұлдызай
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы

Мұқағали атама

Ақжарқын, мейірімді онымен қоса,
Сабырлы, сыпайы болған дана.
Әжесі болған оның Тиын атты,
Мұқағали жақсы көрген оны қатты.
Мұқағали Мақатаев ақын болған.
Әндері оның бар әлемге айқын болған.
Тұңғыш көрген ең бірінші кітап,
Мыңнан астам өлеңдері болған шырақ.
Қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,
Оқи берген шаршамастан, талмастан.
Еңбегіңіз кетпеді құр бостан.
Мен сізді оқып өтем еш талмастан.

Жақан Мерей, 10 жас
Астана қаласы

Ұстазым
Ұстазым менің ұстазым,
Ұстамы биік ұстазым.
Өзіңмен бірге əрқашан,
Білімнің нəрін сіңірем.

Шүкен Нұргелді, 8 жас
Ақтөбе қаласы, Əйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы

Табиғат
Табиғатты құрметтейік балалар,
Қоқыс тастап ластамайық ауаны.
Зиян келер табиғатқа бір күні
Сондықтанда ойлан досым.
Табиғат қой адамдардың мекені
Табиғатты ластамайық сол себепті!

Айтбек Айнара 10 жас
Алматы қаласы

Мектеп

Мектеп деген білім жолы,
Мектеп деген өмір жолы.
Мектеп деген даналардың,
Мектеп деген бабалардың,
Мектеп деген әлемі ғой балалардың.

Тоқтар Абдуннур 10 жас
Үштөбе қаласы

1 желтоқсан
Патриот болсын біздің жастарымыз,
Жайнай берсін жылдан жылға.
Астанамыз Тәуелсіз ел Қазақстан елім деген,
Қолдайық әрқашан жастарды біз.

Бауыржанқызы Аяжан, 8 жас
Талдықорған қаласы

Қош келдің қыс

Әрбір жыл мезгілі өзіне тән ерекшеліктерімен және сейіл-серуенімен басталып, аса зор қуаныш әкеледі. Табиғаттағы ретін күтіп, бірін-бірі ауыстырады. Көктем мезгілінде аппақ қар еріп, мөлдір суға айналады. Ағаштар бүршік жарып, табиғатқа жан бітеді. Жерді жап-жасыл шөп пен хош иісті, әсем гүлдер толтырып, күн сәулесі жарқ-жарқ етіп жарқыраған жаз келеді. Жарқыраған жаздан кейін маужыраған алтын күз басталады. Ормандар мен саябақтар алтын түске боялып, қоймалар жеміс-жидек ен көкөніске баиды. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. «-деген ақындардың атасы Абайдың «Қыс» өлеңіндегідей қаһарлы қыстың сықырлаған аязы мен қақаған суығы сезіледі. Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс. Мақалындай жерге жұмсақ көрпе төселгендей, жерді кіршіксіз аппақ қар басады.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ұлпа қар айналаға сән бергендей. Астанаға бұл мезгіл ерте қазан айында келген еді. Айнала таза және суық ауаға толған. Күн сәулесі көрінсе де ауа райы жылымайды. Қыс аязымен,жаз самалымен. Түн ұзарып, күн қысқарады. Күндіз далада жел тұрса, түнде боран болып, қар жауып тұрады. Қар жауғанда айнала ақ түске боялды. Аспанда жұлдыздар жарқырады. Ай мен жұлдыздардың сәулесі жерге түскенде аппақ қар жалт-жұлт етіп, гауһар тастай жарқырады. Қандай тамаша көрініс десеңші! Қыстың көзі қырау. Ағаштарды қырау басып, алтын киімдерін, аппақ көйлектеріне ауыстырды. Суретші аяз терезелерге өзінің әсем суретін салады. Боран мен аяз басылғанда балалар далаға шығып, сырғанақ теуіп, шаңғы мен шанада сырғанайды. Қыстың адамдарға әкелер зор қуанышы – Жаңа жыл мейрамы. Сіря, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдай анық. Көп отбасылар ойын-сауық орталықтарына барып,көңілденеді .Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қыс қаһарлы болса да, адамдарға көп қуаныш әкелетіні сөзсіз. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Мерей Данат, 12 жас
Астана қаласы

Дина мен Пуна

Бір күні үлкен динозавр тирекс өмір сүріпті. Ол жұмыртқалапты. Сол күні бір кішкентай ғана динозавр баласы ең бірінші болып жұмыртқаны жарып шығады. Оның атын Дина деп қояды. Тура сол күні терадактрдің баласы жұмыртқа жарыпты. Оның атын Пуна деп қояды. Бір күні
олар кездеседі. Сонда Дина былай дейді.
- Салем
- Салем
- Сен кімсің?
- Мен Пунамын
- Ал сен кімсің?
- Мен Динамын
- Қане, дос болайық!
- Онда жүр, ойнайық!
- Жарайды,- дейді Пуна. Сөйтіп олар орманға кіріп кетеді. Ол жерде зұлым айдаһар өмір сүреді екен. Ол ашуланғанда аузынан от шашатын еді. Дина мен Пуна сол айдаһарды көреді де қорыққаннан айғайлап жібереді. Ұйқысы қатты айдаһар бұл жолы оянбады. Олар осы мүмкіндікті пайдаланып, қашып кетеді. Олар ажырамас дос болып, бақытты балалық шақты бірге өткізіпті.

Кеңес Асылжан
Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназиясының 4 «Ж» сыныбы