Жетімдер

Анасынан айырылып жасынан,
Өмір оған қатал болды басынан.
Көздің жасы бұлап ақты сан жылдар,
Бар қасірет кетпей қойды қасынан.
 
Енді қайтсін? Тастап кеткен анасы,
Жетімхана оның мәңгі панасы.
Бұл жалғанда жәудіреумен жанары,
Мұңға толды сан сауалмен санасы.
 
Неге? Неге? Тастап кеттің анашым?!
Міне, тұр ғой жылап сенің балашың.
Мейірімнің шуағын көп аңсаймын,
Менсіз қалай оттай лаулап, жанасың?!
 
Сағынамын, сарғаямын, жылап мен,
Теректейін тамыр жайсам, қуатты ем.
Қуанар ем бір рет келсең жан анам,
Бірақ менің жағдайымды сұрап па ең?
 
Өмір заңы неге бұлай қатал-ақ,
Жетім етті жүректерді жаралап.
Ей, адамзат қайта келмес тірлікте,
Өмір сүрші, бар адамды бағалап!
 
Жыр жазамын, қалам тербеп,
ал бүгін, жақсылыққа тола берсін тағдырың.
Бар адамның көңіліне көктем кеп,
Тартпаса екен жетімдіктің бар мұңын.

 Жапаров Дамир, 8 "А" сынып оқушысы
Семей қаласы