Мұқағали атамызға арнау

Шабытымды жүрегім қайтармаған,
Сырларым бар әлі де айтылмаған.
Ақын болғым келеді Мұқандардай,
Жыр ғұмыры қылыштай тайпалмаған.
 
Жыр ғұмыры қылыштай тайпалмаған,
Тірісінде қадірі байқалмаған.
Мұқағали ақынның ақыны еді,
Тек періштерін екпінін қайтармаған.
 
Тек періштерін екпінін қайтармаған,
Текпілерден шайлығып шайқалмаған.
Мұқағали өлеңнің патшасы еді,
Жантық жырлар қарсы келіп тойтармаған.
 
Жантық жырлар қарсы келіп тойтармаған.
Тіке тұрып тік сөздер айталмаған.
Мұқағали ақынның жоқтығы еді,
Бар кезінде қадірі байқалмаған.
Ақ ағамды түгелсіп жырлайыншы,
Шабытымды шынарын қайтармаған.

Ағынас Ерасыл 12 жас, 

Павлодар облысы, Железин ауданы, Веселая Роща ауылы