Өтірік айту

    өтірік  Өтірік айту күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, көңілдерді (жүректерді) қарайтатын бүкіл жамандықтардың басы. Хадис шәрифтерде былай делінді:

       «Өтірік айту ризықты азайтады.»

   «Шыншыл болыңдар, шыншылдық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа тартады. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә жаһаннамға тартады.» 

      «Бойында мына үш мінездің бірі болған адам намаз оқыса да, ораза тұтса да, мүнафық (екі жүзді) деген сөз. Бұлар: Өтірік айту, сөзінде тұрмау, аманатқа қиянат ету.» 

      Жалған куәгер болу да ең үлкен күнәлардың бірі. Хадис шәрифте: «Мұсылмандарға өтіріктен куәгер болғандар қиямет күні тілінен асылады. Кейін оларды мүнафықтармен бірге тозақтың түбіне тастайды. Білген, көрген болса да куәгер болмаған және ештеңе айтпаған адамды да Аллаһу та’ала қияметте денесінің еттерін бөлшектеп халықтың алдында өзіне жегізуді, одан кейін тозаққа тастауды бұйырады. Ол тілін жеп, кеміріп, бөлшектейді.»

      Пайғамбарымыз: «Саудагерлердің, базаршылардың көбі күнәһарлар» дейді. Себебі сұралғанда «Олардың саудалары халал болмайды. Өйткені олар көп ант ішіп, өтірік айтып күнәға батады.» деп жауап береді. Бір хадис шәрифте: «Өтірік ант етіп, біреудің мүлкін иемденген адам қиямет күні Аллаһу та’аланы ашулы күйде көреді» делінді.

      Тағы бір хадис шәрифте былай делінеді: «Үш жерде өтірік айтуға рұқсат етіледі: 1) Соғыста (дін дұшпандарының зияндарынан сақтану үшін немесе мұсылмандарды қорғау үшін), 2) Араздасып жүрген екі мұсылманды татуластыру үшін, бірінің атынан екіншісіне жақсы лебіз айту, 3) Әйелімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін.» 

      Залымнан мұсылманның тығылған жерін, мал-мүлкін, күнәларын жасыру жаиз. Екі мұсылманның және ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы бұзылуының алдын алу үшін, мал-мүлкін қорғау үшін, мұсылманның жасырған сырлары мен кемшіліктері айқындалмауы үшін және осы сияқты харамдардың алдын алу үшін өтірік айтуға рұқсат етіледі.