Бала тәрбиесі

♦ Бала үлкендерден көргенін істейді. Сондықтан оларға жақсы үлгі болу керек.бала

♦ Оның қасында үнемі күлімдеген, жылы жүзді болуға тырысу керек. Көңіліміз жабырқаңқы болуы, балаға тез әсер етеді.

♦ Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны жақтамау керек.

♦ Оны өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау керек.

♦ Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп жөндеуге тырысуы - өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.

♦ Баланы өтірікшілікпен кінәламау керек.

♦ Бауырларының арасында бөлмеу керек.

♦ Тәкаппарлықтың (кібірдің) жаман қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.

♦ Баланың қателіктері болады. Дереу жазаландырмау керек. Қателігін, зиянын айтып түсіндіру керек.

«Сен адам болмайсың», «Сенен қойшы да шықпас» деген секілді айыптаулардан ұзақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін азайтып, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады.

♦ Бала сүйікті болуға, ойнауға, сөйлесуге мұқтаж болады. Бала өзіне суық, қатал және қатты сөйлеген үлкендерді өзін жақсы көрмейді деп ойлап дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан олармен мейірімді, күлімдеген жүзді, жылы сөзді мәміледе болу керек.

♦ Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.

♦ Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.

♦ Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де істемейтін болады.

♦ Әулие кісілердің өмірбаянын, ғибратты оқиғаларын айтудың бала санасының жетілуіне және бұдан үлгі, өнеге алуында да маңызы зор. Баланың түсінетіндей және тәрбиелік мәнді болғандарын таңдап айтып беру керек.

♦ Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу керек. Бұлар айта береді, бірақ орындамайды дегізбеу керек.

♦ «Кісінің діні – досының діні секілді»,- деген хадис шәрифті негізге алып, жақсы адамдармен дос болуын қадағалау керек.

♦ Сөздеріне мән берілмейтін, мазақ етілетін немесе үнемі сынға алынатын бала – тұйық, өзіне сенімсіз және қызба мінезді болады.

♦ Баланың жанында басқаларды жамандамау керек.

♦ Баланы күш қолданып, ұрып жөнге салуға тырысқан ата-ана, баланың қызба мінезді, мейірімсіз, жауыз болып өсуіне және өз қиыншылықтарын күштеп шешуге тырысуына себеп болады.

♦ Баланың бетінен және басынан ұрмау керек.

♦ Балаға айтылатын сөздің өзінен бұрын оның қашан және қалай айтылуы маңызды.

♦ Жақсы істері мен сөздерін мақтап, марапаттау керек, ал жамандықтарының зиянын жұмсақ тілмен түсіндіру керек.

♦ Сын айту дұрыс болмағанындай асыра мақтау да дұрыс емес. Тым қатты жақсы көру және мақтау – баланы еркелетіп жібереді.

♦ Баланы кіналау, лақаб ат қою, мазақ қылу, қорқыту дұрыс емес. Бар! Кел! деген секілді бұйрық сөздердің орнына барасың ба? келесің ба? деген сөздерді қолдану керек.

♦ Бала әдепті сөйлеу керек. “Өтініш, рахмет, кешіріңіз” деген секілді сөздер қолдануын үйрету керек.

♦ Қателескен кезіміз болғанда қатемізді мойындап, кешірім сұраумыз, баланың да қатесі болғанда кешірім сұрауды үйренуіне жол ашады.