“Бисмилләһ”тың маңыздылығы

    гүл  Бисмилләһтың толығы “Бисмилләһиррахманиррахим”. Аллаһу та’ала құлдарын жаннатқа шақырған кезде шақыру қағазының астындағы қолтаңба “Бисмилләһиррахманиррахим” сөзі болады. Адам алейһиссаламға алғаш келген аят - бисмилләһ. Әрбір жақсы істі бастарда "Бисмилләһ" айту керек. “Бисмилләһ”тың құндылықтары өте көп.

   “Бисмилләһ” айтылып желінген тағамдар денеге шипалы болады. Ал “бисмилләһ”сыз желінген тағамдар денені ауруға шалдықтырады. “Бисмилләһ”ты айтып, ішіп-жеген адамның денесіне шайтан кіре алмайды. “Бисмилләһ”сыз желінген және ішілген тағамдармен бірге шайтан да денеге кіреді. Дін ғұламалары әрбір жұтқан жұтымын, әрбір үзген үзімінде “бисмилләһ” сөзін айтатын еді.

     Екі шайтан жолға шығып, бір қалаға келіпті. Бірі екіншісіне: “Сен ана үйге кір, мен мына үйге кірейін! Бір айдан кейін осы жерде кездесейік” дейді. Екіншісі “жарайды” деп, екеуінің жолдары сол жерден айрылады. Бір айдан кейін екі шайтан қайта кездеседі. Біреуі әбден азып-тозып кеткен, ал екіншісі семіріп алған. Семізі арығына қарап: “саған не болған?” дейді. Сонда арығы: “Мен құрыдым. Мен барған үйдің адамдардары не ішсе де, не жесе де “бисмилләһ” айтады екен. Сондықтан еш жерге кіре алмай, еш нәрсе істей алмадым. Аштықтан өлуге айналдым” дейді. Семізі оған күліп: “Мен барған үйдің адамдары ғафилдықтарынан (надандықтарынан) не істесе де  “бисмилләһ”ты айтуды ұмытып кетеді екен” дейді.