Арақтың зияндары

/upd/2016/0609/146545346657590b9a3175d7.95560544.jpg

Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі тұр. 
Құран кәрімде былай делінген: «Ей иман келтіргендер, арақ, құмар, пұттар, палшылық оқтары – шайтанның нәжіс істері, тозақтан құтылу үшін бұлардан ұзақ тұрыңдар!» 
Хадис шәрифте былай делінген: «Арақ күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың, барлық күнәнің анасы
Арақтың зияндарының біршамасы төмендегідей:
»Зиянды әдеттер, алғашқы қадамнан және алғашқы дәм татудан басталады. Тұзақтың ең үлені: «Бір рет көргеннен не шығады?» деп ойлау.
»Жол апаттарының көбі, мас жүргізушілердің себебімен болады.
»Спиртті ішімдіктер мен есірткілер, ми және орталық жүйке жүйесінің қас дұшпаны.
»Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің басында тұрады.
»Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдықтыруы мүмкін.
»Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін бұзады.
»Бүйрек қабынулары, жасушалардың зақымдануы және қуықалды бездің (простат) үлкейуі арақтың зияндарынан болып табылады.
»Асқазанның ішкі қабықшасын тітіркендіріп, гастрит пен асқазан жарасына(язва) себеп болады.
»Спиртті ішімдік тұтынғандардың ми жасушаларының көбі өледі. Кейін, параличке және өлуге себеп болады.
»Саналы және ерікті әрекеттердің орнын, санасыз және басқарылмайтын әрекеттер басады. Ойлану, ұялу және ар-намыс сезімдері әлсірейді.
»Бет және теріде тері аурулары пайда болады. Маскүнемдердің  балалары көбінесе ақымақ, ұстамалы ауру, маскүнем... болады. Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған. Мүгедектердің 80%-ның себебі де, маскүнем болған ата-ана.
»Араққа салынғандарда, адам өлтіру және отбасы ұрыстары өте жиі кездеседі.