Ақыл мен Нәпіс

      Ислам діні адамдардың дүниеде де, ахиретте де бақыт пен тыныштық ішінде өмір сүруін қалайды. Сондықтан, ақылға бағынуды әмір етіп, нәпіске бағынуға тыйым салуда. Ақыл жаратылмағанда адам тек нәпсіне еріп, пәлекеттерге ұшырайтын еді. Нәпіс болмағанда адам өмір сүруі, өсіп-өркендеуі, дамуы және көбеюі үшін, мәдени өмір сүру үшін қажетті нәрселерге қол жеткізуге керекті әрекеттерде құсыр ететін еді, нәпісіне қарсы жиһад ету сауабынан да махрұм қалатын еді. Нәпсіне ерген адам Ислам дінінің сыртына шығады. Ислам діні бақыт пен тыныштық ішінде өмір сүру үшін қажетті нәрселерге және дүниелік ләззаттардан пайдалы болғандарына тыйым салмаған. Бұларға қол жеткізу және қолдану тұрғысында ақыл мен дінге мойынсұнуды әмір еткен.

      Хадис шәрифте: «Ахиретте болатын нәрселерден, сендердің білгендеріңді жануарлар да білгенде, жеу үшін ет таба алмас едіңдер!» делінген. Яғни, жануарлар ахиреттегі азаптардан қорққандықтан жеуден, ішуден тыйылар еді. Терісі мен сүйектері ғана қалар еді.

      Адамдардың өмір сүруі, нәпістерінің ғапылдығы және дүние ләззаттарына берілгендігі арқылы. Нәпіс екі жағы да кесетін өткір пышақ сияқты. Улы дәрі іспеттес. Емшінің кеңесі бойынша қолданған адам, мұның пайдасын көреді. Шамадан артық қолданған адам зиянын көреді. Ислам діні нәпістің жойылуын, жоқ болуын емес, тәрбиеленуін, одан пайдалануды әмір етеді.