Әлемдегі даналық сөздер

/upd/2016/0608/14653791245757e9346d0677.95307104.jpg

»Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы. (Бразилия)
»Тұман желпуішпен сейілмейді. (Жапония)
»Атақ – қабілеттің көлеңкесі. (Англия)
»Адам сыртқы көрінісімен қарсы алынады, ішкі дүниесімен шығарып салынады (Моңғолия)
»Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі. (Қытай)
»Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады. (АҚШ)
»Шынайы махаббат айрылысумен ұмытылмайды. (Бельгия)
»Бірі екіншісіндей дәрежеде бай болған кезде, бауырлар бір-бірін жақсы көреді. (Уганда)
»Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта, өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір. (Қытай)
»Адам ең қатты сүйіктісін, ен жақсы түрде жанұясын, ең ұзақ анасын жақсы көреді. (Ирландия)
»Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді. (Норвегия)