Ұстазды құрметте!

Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар, 
Себепкері бағыңның басың да бар. 
Сені сүйреп арманыңа жетелеген, 
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
 
Кем көрмеймін оны алтын анамнан, 
Жүрегіме төгіп берген сан арман. 
Терең білім,ілім,ғылым,жақсылық 
Ұстазымнан мирас болып дарыған.
Үйретуден талмаған, ерінбеген 
Содан болар ұмтылдым, шегінбегем. 
Мың жақсылық көрсемде ұстазымнан 
Бірақ неге, сол кезде білінбеген.
 
Құйып берген біліммен бойыңа дар, 
Ұстаздың ұлылығын мойындаңдар! 
Жақсылығын жасырып сөз еткенше 
Ұстаздардай алдымен болып алыңдар.
 
Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар, 
Себепкері бағыңның басың да бар. 
Сені сүйреп арманыңа жетелеген, 
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.

Құдайберген Қайрат Советбекұлы