Ұлы Абай

Абай десе, өлеңнен маржан табасың,
Абай деп таны қазақтың байтақ даласын.
Әрбір жыры рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табасың?
 
Абай-дана, Абай дара қазақта,
Оқымаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес болмас қазақта,
 
Жүрегімен жүзінде, Жарқыраған Иманы,
Салиқалы саналы, қалдырған із даналы.
Жаны жайсаң, жарқыраған жұлдыздай,
Сарқылмайтын даналықтың бұлағы.
 
Жарқыраған жұлдыздай көк аспанда,
Қазақта туылыпты ол бір-дана,
Ұлы Абайдың у-ы барма ішпеген,
Жалғыз өзі алысты ол мыңменен.
 
Адамның бұл дуниеде жасағаны қарекет,
Ойлы болып озалсаң мұнда керек әрекет.
Елім үшін жұлдыз болып жаналсам,
Абай сөзі жүрегіме жағар шам.
 

Нұрпеисова Малика
9»б» сынып оқушысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы