Ғаламтор

Ғаламтор бүгінгінің статусы,
Байланысқан ғаламның әрбір тұсы.
Әлеуметтік желілер хат тасыған,
Ғашықтардың қанатты аппақ құсы.
 
Ақпараттың баршасы шоғырланған,
Сабаққа да әрдайым зәру болған.
Жамандық та, жақсылық та сонда болар,
Еліктемей, асықпай терең ойлан.
 
Вайфай шықты телефонның бақшасындай,
Ал, телефон қолыңның жалғасындай.
Алып қойса, долданып, қиналасың,
Қолыңның алтыншы бір саусағындай.
 
Тілге тиек етелік, ғаламтордың пайдасын,
Азаматтар мәлімет жинауға тек қолдансын,
Сырласындай беріліп, кіріп кетсе жастарың,
Бүгін яки ертеңі болар, бәлкім, қас жауың!

Жадыра Жанарбек Алматы қаласы 11 сынып оқушысы