Өскенде мен кім боламын!

Мен дәрігер боламын
Деді Арман ойланбай.
Ақ халатты абзал жан
Өзімнің туған анамдай.
 
Болашаққа барар жол
Басталады мектепте.
Апайындай мұғалім
Болғысы келеді Нұргүл де.
 
Қоймасы толы астыққа
Не жетсін диханшылыққа.
Егінші болу қашанғы
Әсеттің екен арманы.
 
Ғарышты мен зерттесем
Халқыма пайда әкелсем.
Ғарышкер болам өскенде
Деп ойын түйді Есен де.
 
Көкте жүзу қалықтап
Арман екен Асанға.
Ұшқыштарға аспанда
Еркіндік бар самғауға.
 
ОИТ-и болам маманы
Орнынан тұрды Нұралы.
Компьютерді игерем,
Балаларға үйретем.
 
Сыныптағы бар бала
Ойын салды ортаға.
Ешкім де тыс қалмады,
Апайы тыңдап қуанды.
 
Өнер, білім, еңбек
Жетелейді мақсатқа.
Еңбектену жалықпай
Жеткізеді мұратқа.

Қарлығаш Айымбекова
Астана қаласы