Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік таңы атты,
Егеменді ел болдық.
Орындалды халықтың
Ежелгі асыл арманы.
Болашаққа жол салған,
Жаңа өмір орнатқан
Ғасырлар бойы бұл күнді
Ата-бабам аңсаған.
Ел деп соққан жүрегі
Ержүрек жауынгерлерім
Білегінің күшімен,
Найзасының ұшымен
Жерін жауға берге бермеген.
Рухы биік халқымыз
Қиын-қыстау кезеңді,
Шапқыншылық заманды
Басынан талай кешірген.
Қаншама сыннан өтсе де
Ешкімге тізе бүкпеген.
Тәуелсіздікке жетуден
Еш үмітін үзбеген.
Жылдар бойы көп күткен
Бұл күнге теңдік әперген
Табандылық, төзімнің
Арқасында қол жеткен.
Ұлы дала жаңғырды,
Халықтың жанды жұлдызы.
Өркениетке ұласқан
Елміз қазір жаңарған.
Қане бірге қуанып,
Шаттанайық, халайық!
Басқа күннен ерекше
Осы күнді тойлайық!

Қарлығаш Сыдыққызы
Астана қаласы