Асқақтаған салтанатты, Астанам!

Асқақтаған салтанатты, Астанам!
Бір өзіңмен әрдайым мен мақтанам.
Сәулетіңе бар әлем таңдай қаққан,
Талайларға бір көру болған арман.
 
Есілдің екі жағын алып жатқан,
Бүкіл қазақ даласына нұрын шашқан.
Жан қалмаған көргенде таң қалмаған,
Ертектегі шаһардай жарқыраған.
 
Кең байтақ Сарыарқа даласына
Көз тоймайтын сәніне қарағанда
Барша жұртын әлемнің тамсандыра
Тігілген хан шатыры өз алдына.
 
Опералық және балет театры әйгілі
Италиялық Ла Скаламен таласқан.
Жұлдыздарым халқымыздың өнерін
Жаһанның бар түкпіріне таратқан.
 
Салтанаты Астананың қаламызға
Көз сүрінер әр бергенін қараңыздар.
Шам-шырақ боп жанады жұлдыздары
Астананы ерекше нұрландыра.
 
Ақ Ордам Отанымның жүрегі,
Мемлекеттің қорғанысы, тірегі.
Көк байрағы маңдайында желбіреп,
Халқымызға күш-құдірет береді.

Айымбекова Қарлығаш Астана қаласы