Көктем

Күн шыққанда нұрларын жерге төккен,
Тоңған жерді ерітіп, елжіреткен.
Келгені деп білеміз несібенің,
Қош, келдің! деп қуана нұрлы көктем!
 
Көк шығып, жердің беті жанданады,
Диқаншылар егінге қамданады.
Сағындырып қыстан соң келген қызға,
Әрине, көңіл шалқып таңданады.
 
Жылуына бөленген шуақтардың,
Сылдырлайды сулары бұлақтардың.
Жаңа өмір басталған кезеңіне,
Көңілімнен толқытып жыр ақтардым!

Ызғар кетіп, жер жұмсарып, жылы леппен,
Мөлдір моншақ жаңбырды себелеткен.
Көріктісің, көріктісің ару көктем!
Көбелекті гүлдерге ғашық еткен.
 
Көріктісің жер бетін тебіренткен,
Күз бен қыс суығымен күңіренткен.
Сәлем саған, еліме келген көктем,
Көк туын төбесінде желбіреткен!

Мұхаммед-Али Асанұлы 
Астана