Таңғы ас

/upd/2016/0609/146545592657591536c23cc2.23212582.jpg

Мамандар күндерін таңғы ас ішпей бастайтын адамдардың қан  шекері және қан қысымының төмен болатынын, зат алмасу процестерінің бұзылатыны сияқты әр түрлі ауруларға тап болатынын айтып ескертуде. Түні бойы жоғалтқан энергияға ие болудың ең жақсы жолы, сол күнді шүғыл бір түрде таңғы ас ішіп бастау. Таңғы асты ішпей немесе бәліш, тоқаш сияқты нәрселермен шектеліп қалмауына көңіл бөлуде. Мамандар таңғы астың ең негізгі тамақ екенін түсіндіруде. Таңғы ас дегенде ойыңызға міндетті түрде омлет, тост, шұжық сияқты керемет тағамдар келмеуі керек. Жақсы бір таңғы ас үшін аз мөлшерде сыр, бір қасық бал немесе тосап (варенье), бірнеше дана зәйтүн мен қызанақ, жасыл бұрыш және қияр сияқты аз калориялы тағам түрлерінің де жеткілікті екендігі анықталған. Таңғы аспен бірге бір екі тілім нан және шайдың орнына бір стакан жаңа сығылған жеміс шырыны немесе сүт ішілгені жақсы. Мектепте есте сақтау қабілетіміздің жақсы дамуы және сабақтарда жетістіктерге жету үшін таңғы асты ішуге ықылас қояйық.