Хазреті Омар

Кедей, аш кезінде Хазреті Омардың тамағынан бір үзім тамақ өтпейтін. Бір кездері Мәдинаны аштық қаптап кеткен еді. Хазреті Омар түйесінің сойылып кедейлерге таратылуын әмір етті. Түйе сойылып таратылды. Ең дәмді жері алынып, пісіріліп Хазреті Омардың алдына ұсынылды. Хазреті Омар алдындағы тамағының ішінде ет көрген кезде:
- Бұл ет қайдан келді? – деп сұрады.
- Сойылуын әмір еткен түйеңіздің еті, мырзам.
Хазреті Омардың бірден реңі өзгеріп, жүзі бозарып кетті. Айбарлы күйде:
- Мен сендерге “Түйені сойып кедейлерге таратыңдар!” демедім бе? Ал сендер ең жақсы бөлігін алдыма қойып отырсыңдар. Дереу бұл тамақты алыңдар да кедей, мұқтаж адамдарға беріңдер! – деп бұйырды.
Сосын күнделікті жеп жүрген құрғақ арпа наны мен зәйтүн майын Бисмилләсын айтып, көңілі тынышталған, рахат күйінде жеді.