Өмірдің мәні – құлшылық

құлшылық, иман, ораза

Фәни өмір тұрмайтұғын бір қалып, құлшылық, иман, ораза

Күні ертең өлемізғой бір жанып.

Біздер үшін барлық нәрсе Құдайдан,

Басымызға келетіні ап-анық.

 

Иман, намаз, ораза бұл бұйрығы,

Аллаh берген құлдарына сыйлығы.

Тап-таза боп ұстап жүрсек жамағат,

Шайтан, жанның түкке аспайды сиқыры.

 

Әттең, әттең отыз-ақ күн санаса,

Тазару мен Құран айы ораза.

Нәпсі менен өтірікке сақ болсақ,

Жамандықтан тиылар ек инша Аллаh!

 

Күллі әлемге болмаңыздар жаман ат,

Не берсе де етіңіздер қанағат.

Осы менің тек сіздерге айтарым,

Ахирет бар ықтият бол жамағат!

Мейірбек Сопыбеков