Бес намаз

бес намаз, таң намаз, құптанАллаға жағам десең азанды бол,бес намаз, таң намаз, құптан
Халыққа жағам десең қазанды бол.
Бес намазды оқымай бекер жүрсең,
Қияметте тартарсың жазаңды мол.

Шүкірлік бір Аллаға Таң намазым,
Түнде өліп, тірілген жан намазым.
Бесінге аман-есен жеткізгенше,
Күнадан таза болсын сан таразым.

Түс ауған соң бесіңді,
Намазбен жидым есімді.
Иманымды жолдас қыл,
Несібем бар ғой кесімді.

Күн мен бірге еңкейдім Екінтіге,
Күнәмді кеш өзің деп бекінгенге.
Бес намаздың ортасы деп отырмын,
Күн батып, дем алатын келер түнге,

Аллаh деп асығам Ақшам намаз,
Уақытын ұттырмас қашқан намаз.
Қараңғылық келеді қас қаққанша,
Рыздық түнге қарай шашқан намаз.

Құдайым, құдіретті қыл құптанымды,
Күн бойы жиған-терген жұтқанымды.
Құдай бір, Құраным шын, пайғамбар хақ,
Жарылқый көр жанымды, жатқанымды.

Тоқтар Насырханұлы