Менің - алғашқы ұстазым

/upd/2018/0106/15152289065a508eeae1cf53.51210954.jpg

Мен алғаш рет мектеп табалдырығын аттап 1-ші сыныпқа барғанда қолыма қалам алып, әріп үйреткен ұстазым Анаргүл апай. Ұстазым бізді алға жетелеп
оқытқанының арқасында үздіктер қатарынан көрініп жүрміз. Мен ұстазымның еңбегін мақтан етем. Апайым біздің екінші анамыз. Біздің сыныптағы оқушыларды
алға жетелеп, оқытып, жақсы жақа тәрбиелейді. Келешекте, менде апайым сияқты ұстаз болғым келеді. Ұстазыма, үнемі биіктерден көрініп, еңбегіңіз жана берсін
деймін.
Мақтан етем ұстазым,
Білім алған өзіңнен.
Еңбегіңнің арқасы,
Алғашқы менің ұстазым.
Ұстазым үйреткен,
Әріптерді еңбекпен.
Үздік қылып шығарды,
Білім беріп үйреткен.

Құрманғали Жанерке
Абай мектебінің 4«ә» сынып оқушысы, Шелек ауылы

Менің ұстазым Анаргүл апай
Тарыдай болып кіреміз,
Таудай болып шығамыз - демекші, менің алғашқы ұстазым Алимбаева Анаргүл апай. Бізді білім нәрімен сусындатып төртінші сыныпқа да жеттік. Ұстазымыз бізге
осынша уақыт арасында білім беруден жалыққан емес. Сыныбымыз әрдайым алдыңғы орында келеді. Ұстазымыз түрлі бағытта сабақ беріп, топтық жұмыстарды
да ойдағыдай өткізіп жүрміз. Осындай білімді де, саналы оқушы болуымызға ұстазымыздың қосқан үлесі өте зор. Алтын ұя мектебімізде білімді де ұлағатты
ұстаздарымыздың қатары көбейе берсін. Мені білімге, табандылыққа, қайсарлық пен шыншылдыққа, кішіпейілділікке үйреткені үшін ұстазыма шексіз алғысымда айтамын.

Тоқтасын Інжу
Абай мектебінің 4«ә» сынып оқушысы, Шелек ауылы

Менің сүйікті ұстазым
Мен мектеп табалдырығын аттағалы бері, әріп тануды үйреткен Анаргүл апай. Бізді білімге, еңбекке, үнемі тек биікке талпынуға үйретуде. Бізге көп уақытын бөліп, аналық жүрегін, мейірімін екінші анам секілді. Мен ұстазымның сенімін ақтауға тырысамын. Әр баланың көңілін таба біліп, жылы қабақ танытып, күш-жігерін арнап жүрген ұстазыма айтар алғысым шексіз. Біз сабағымызды жақсы оқысақ, ұстазымызда бізге разы болады. Ұстазымның "ботам" деген сөзі маған жігер береді. Менің ұстазыма тілейтінім денсаулық, шәкірттеріңіздің ортасында еңбегіңіз жана берсін! Анар апайымның ұстанымы; "Адалдық, шыншылдық, парасаттылық тек алға жетелейді" Мен басқада ұстаздарыма алғысымды айтамын.

Ильяс Ақерке
Абай атындағы қазақ орта мектебі, 4 «ә» сынып оқушысы, Шелек ауылы