Қыс. Келді міне, Жаңа жыл!

/upd/2018/0105/15151723395a4fb1f331b9e0.72171129.jpg

Қыс келіпті қалаға
Қыс келіпті далаға
Сырғанаймыз енді біз
Отырып ап шанаға.

Ансар 8 жас
Алматы облысы, Кеген ауылы

Келді міне, Жаңа жыл!
Келді міне, Жаңа жыл!
Шаттық сыйлап тұр үйге!
Жаңа бақыт, жаңа нұр
Үлкен-кіші сәбиге.
 Жаңа жауған ақ ұлпа,
Қар жамылды даламыз.
Балаларды сағынта,
Келді Аяз атамыз. 
Айдай ару Ақшақар
Көмекшісі атаның
Ақсақалды Аяз атаның
Сыйлықтары мол екен!
Қандай сұлу шыршамыз
Ортамызда тұр жайнап!
Жаңа жылда баршамыз
Шаттанайық кел ойнап.

 

Диляра Саттарханова
№ 156 ЖББ мектеп 3 «Б» сынып оқушысы Алматы қаласы

Қыс
Табиғатты құбылтып,
Қыс келді далама.
Асыр салып ойнап,
Біз жүреміз далада.

Ақбөбек 10 жас
Ақтөбе қаласы, Шұбарқұдық ауылы