Менің Отаным

/upd/2017/1230/15146352705a478006564d00.63100122.png

Менің Отаным – елім, жерім. Менің Отаным – Қазақстан. Отанымызда туып, өсіп келемін. Білім алып, өркендеудемін. Отанымызда бәріміз тату тұрамыз. Мен Отанымды құрметтеймін, мақтан етемін. Біздің Отанымыз – тәуелсіз. Тәуелсіздігін әлемге дәлелдеді. Дамыған елдердің қатарына енді. Отанымның табиғаты қандай тамаша. Таулары аспанмен таласқан, мөлдір сулары, көк шалғыны, таза ауасы қандай десеңізші! Керемет жерлер өте көп. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген мақал босқа айтылмаған. Құсы жоқ орманды, Отаны, елі, жері жоқ  адамды елестету қиын. Отанымыздың өркендеп өсуіне көп еңбек еткен Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасының қолдауымен біз де өсіп, білім алып жатырмыз. Болашақта үлкен азамат боламын деп сенемін.

Құндызбаев Нұрлан
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы
Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп 4 «ә» сынып оқушысы