Бар жақсылық балаларға!

/upd/2017/1230/15146311355a476fdf3978f4.85752864.png

Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті.  Оқушы балалар үшін демалыс күндері басталса, ал мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Бәрінен де ең қызықтысы сол  жаздың бірінші күні – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балалық шаққа саяхат мерекесі күні.
 «Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы айғақтайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын»- дей отырып, өз сөзінде әр баланың құқығының қорғалуын талап ететіндігін айтып өтті.
Мереке күні облыс орталығында,  қаланың шағын аудандарында, сол секілді өңіріміздің барлық елді мекендерінде небір мәдени іс-шаралар, ойындар, сайыстар, түрлі-түсті бормен сурет салу  конкурсы, спорт жарыстары ұйымдастырылатын болады.  Мәселен, Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай 2017 жылдың маусым айының 1 күні сағат 15.00-де «Балбұлақ» балабақшасында А.С.Пушкин атындағы ОБК қатысуымен «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара өтті. Шараға 120 бала қатысты.             
Аталған балабақшада 1-3 жас аралығындағы және 5 жасқа дейінгі  балалар тәрбиеленеді. Мерекеге орай, балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді.
Мерекелік шараға балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, татулық туралы өлеңдерді жатқа айтып, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Балалар кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тәтті қалпақ»  атты қызықты ойын өтті. Өнерлі балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Осы ұйымдастырылатын мерекелік сайыстар мен жарыстарға белсене қатысқан балалар  құралақан қалмай, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Мерекелік шараны балабақша қызметкерлері, ата-аналар, ұстаздар тамашалады.

Орал қаласы А.С.Пушкин атындағы
ОБК кітапханашысы Ирмагамбетова А. А