Османдықтардың Еуропаға салған үрейі

    /upd/2015/1128/14487081395659882b0aa969.81633089.jpgХІХ ғ Германияның Мулхейм қаласындағы Рен өзенінің бергі жағасында немістер, арғы жағасында француздар өмір сүрген еді. Француздар жыл сайын егін пісіп жетілген кезде өзеннің бергі бетіне өтіп, немістердің өсірген өнімдерін талап, жинап кететін. Ол кездерде бірлігі болмаған күшсіз немістер дауыс шығара алмайтын. Әр жылы қайталанған бұл жағдайдың шарасын Осман Сұлтанына жағдайды түсіндіріп жазып, көмек сұрау арқылы іздейді. Хаттарында былай жазады: «Француздар жыл сайын біздің егіндерімізді күштеп алып кетуде. Сіз дүние жүзіне әділдік таратқан ұлы Империяның Сұлтанысыз, Исламның халифасысыз. Бізді бұл зұлымдықтан құтқарыңыз. Әскер жіберіңіз!..»
    Бұл көмек сұранысын зерттеген падишах, әскер жіберуді керексіз деп шешеді. Тек әскери киімдерін жіберуді жөн көреді. Іші Османдық әскерлерінің киімдерімен толы үш қаппен бір хат жазып жібереді. Таң қалған немістер қаптарды алып хатты оқиды: «Француздар қорқақ адамдар. Оларға әскер жіберуіміздің керегі жоқ. Әскеріміздің киімін көруі де жеткілікті. Бұл киімдерді адамдарыңа кидіріп өзеннің көрінетін жерлерімен жүргізіңдер. Арғы жағынан көретін француздар үшін бұл жеткілікті...»
    Бау-бақша иелері дереу Османдық әскерлерінің киімдерін таласып бөліп алады. Егін жинайтын уақыт таяғанда Османадық әскерлерінің киімдерін киіп өзен жағалауында жүре бастайды. Ертеңіне қарсы жағадан келген хабардан немістер қуаныштан айғайлап, төбелері көкке жетеді. Өйткені Османдықтардан көмек келді деп ойлаған француздар қорққанынан ауылдарын тастап орталық жағына қарай қашқан еді. Бұл оқиғадан кейін Мулхеймдіктердің көңілдеріне тыныштық орнады. Киген Осман киімдерін Мулхеймға тәуелді Карлсрухе музейіне орнатты. Қаланың ең биік ғимаратына Осман жалауын ілдірді. Әлі күнге дейін бұл оқиғаның болған күніне карнавал жасап тойлап жатады.