Тарихи қателер

/upd/2015/1130/1448879162565c243a6483f3.64939203.png     Тарихта із қалдырған жаңалықтар мен оқиғалардан кейін болжамсыз айтылған сөздер де тарихта өз орнын тапқан. Бұлардың бірнешеуі мыналар: 
•  “Теледидар ең кеш 6 ай ішінде нарықтан түседі. Адамдар күнде кешкісін мұндай бір қорапқа қарап отырғысы келмейді.” Дарик Ф Занук (ХХ ғасыр фокстың директоры 1944 ж) 
•  “Радионың келешегі жоқ.”  Лорд Келвин (Швециялық физик) 
•  “Бұдан кейін жаңа ешнәрсе қалған жоқ. Ашылатын жаңалықтардың барлығы табылып бітті.”   Чарльз Х. Дуелл (Америка Патент Кеңсесінің Директоры 1899 ж)   
•  “Сүңгуір қайықтардың соғыста неге жарауы мүмкін екендігін түсіне алмадым. Ең азынан экипаждың тұншығып өлуіне себепкер болуы мүмкін.”  
Х. Г. Уеллс (Жазушы 1901 ж)        
•  “Барлық заманда аттар қолданылатын болады. Автомобиль тек өткіншіл мода болуы мүмкін.”    (Генри Фордтың кредит сұрауына бір банк директорының берген жауабы 1903 ж) 
•  “Ұшақтар жай ғана ойыншық. Әскери қадірі жоқ.” Маршал Фердинант Фоч  (І Дүние жүзілік соғысындағы Франция әскерінің бас командирі 1911 ж) 
•  “Әртістердің сөйлегенін кім естігісі келеді?”  Гарри М Уарнер (Кино және индустрия жетекшісі. Дыбысты фильм туралы айтқаны1927 ж) 
•  “Келешекте компьютердің ауырлығы бәлкім 1,5 тонна болады.” Популар Меканикс Журналы (Ол кезде компьютерлер бір бөлменің көлеміндей болатын. 1949 ж) 
•  “Адамдардың үйлерінде компьютер ұстауы үшін ешқандай себеп көріп тұрғаным жоқ.” Кеннет Олсен Дижитал Корп-ның (Бір компьютер фирмасының) директоры 1977 ж.