Бірлігі берік елміз біз!

/upd/2017/0518/1495045430591c95369f6ee4.32061147.pngҚазақ – өте отансүйгіш халық. Тәуелсіздік жолында талай өткел-сындарда сағысынбаған, сүрінбеген, моймыған қазақ осы күнге аман-есен жетті. Қазақстан егемендік алғалы да талай биіктерді бағындырды. Экономикамыз көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Еңбек еткен жанның алға қойған мақсатының орандаулына бар мүмкіншілік жасалды. Диқандар, малшылар үшін мемлекет тарапынан атаулы көмектер қарастырылған. Мен бүгінгі күнді «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман деп түсінемін. Мұның бәрі де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғанымыздың арқасы. Елдің ортақ мүддеге жүгінгенінің, қасиетті Отанымызды гүлдендіруге жұмылғанының нәтижесі. Әрқашан осындай бірлігімізді, ынтымағымызды сақтайық дегім келеді.

Телағысова Жансая
Дарын мектебі (Ақтөбе)
7 б сынып оқушысы