Мекке және Лас-Вегас

      /upd/2015/1205/14493138195662c61b41de35.26004294.jpgВашингтондағы Шығанақ Проблемалары Институтының Директоры Саид Али әл-Ахмед: «Мекке, Лас-Вегасқа ұқсап барады, бұл бір пәлекеттің белгісі» деген екен. Сауд Арабияның басқару жүйесіне қарсы зерттеу орталығы болған бұл ұйымның жетекшісі Саид Али әл-Ахмедтің айтуы бойынша: «Меккеге келгендер үшін әсерленетін көріністердің орны, енді терезе және бетондармен толады.»     
  Бұл жазулар “Месса Journal” журналындағы Хассан М. Фаттаһтың баяндамасынан алынған. Бұл жазудан қысқа үзінді:
•  Ақ мақталы киім ішіндегі қажылар, енді Ислам әлемінің орталығы болған Меккеде Қағбаның қара пердесінің алдында “Starbucks, Cartier, Tiffany” секілді жоғарғы маркаларды да көре бастайды. 
• Сауд Арабияда “Абраж ал Байт Малл” атты ең үлкен сауда орталығының құрылысы осы киелі жер аймағы ішіне салынуда. Жоба аяқталғанда дүниедегі 7-ші ең биік ғимарат жүзеге аспақ. 
•  Меккеде 13 миллиард долларлық құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Айналасында 130 жаңа мұнаралар (башня) жобаланған. Біреуінің аты “Зәм-зәм” мұнарасы. 
•  Алайда бұрыннан бері, әсіресе Османлы билігі дәуірінде, құрметтеу жағынан ешбір ғимарат Меккедегі Қағбадан биік болмайтын. Оған рұқсат та етілмейтін. Салынып жатқан бұл ғимараттардағы 3 бөлмелі пәтердің бағасы 3 миллион доллар тұрады. Қағбаға жоғарыдан қарағандары болса, 5 миллион долар. 
   Осыдан біршама уақыт бұрын “Йени Шафак” газетінде Ибраһим Қарагул де: «Мекке – Лас-Вегасқа айналды» атты мақала жазған еді. Бұл жазудың да бір қатар жолдарынан үзінді: 
• Хазіреті Мұхаммедтің әйелі хазіреті Хадишаның үйі қиратылып, орнына фонтанды су резервуары орнатылды. 
•  Хазіреті Әбу Бәкрдің үйі Хильтон қонақ үйі комплекісінің астында қалды. 
•  Хазіреті Мұхаммедтің анасы Амина ханымның мазары бульдозермен қиратылып, ішіне бензин құйылды. 
• Хазіреті Мұхаммедтің туылған үйі жермен жексен етілді. Орнында есік-терезелері құлыптаулы өтіріктен бір кітапхана тұр. 
• Бүгін Меккеде 1400 жыл бұрынғыдан 20-дан аз ғимарат қалды. Саудтар билігінен бұрын 1940 жылдарда олардың саны он мыңнан көп еді.