Аййуб алейхиссаламның сабыры

      Аллаһу та’ала Аййуб алейхиссаламды сабырлықпен емтихан етуді (сынау) қалады. Аййуб алейхиссалам өте бай кезінде, қойларын сел алып, егістерін жел ұшырып, бүкіл мал-мүлкі түрлі себептермен жоқ болды.

     Бұдан кейін Аллаһу та’ала Аййуб алейхиссаламның денесіне бір ауру берді. Туыстары, жолдастары оны жалғыз тастап кетіп, қол ұшын берер ешкімі де болмады. Тек адал, мейірімді жары Рахима ханым ғана оны тастамады.

      Аййуб пайғамбар әйелі жасаған күркеде 7 жыл бойы көрген қиыншылықтармен азап ішіндегі жағдайынан бір рет болса да шағымданбады. Бір күні Жабраил алейхиссалам келіп, Аллаһу та’аланың: «Ей Аййуб! Бәле жібердім сабыр еттің! Енді мен саған денсаулықпен ниғмет беремін.» деген хабарын алып келді. Құран кәрімде білдіргеніндей Аллаһу та’ала «Аяғыңды жерге ұр. Шыққан сумен ғұсыл ал және салқынынан іш!» деп бұйырды. Бұларды орындаған Аййуб алейхиссалам жас күйіне енді. Жабрайл алейхиссалам оған әдемі киімдер кигізді. Осы кезде әйелі келді. Аййуб алейхиссаламның күркеде жоқ екенін көріп, таң қалды. Аййуб пайғамбар:

      - Ей ханым! Кімді іздеп жүрсің?

    - Бір сырқат кісіні іздеп жүрмін. Аты Аййуб. Ол менің жан жолдасым еді. Дені сау кезде тура саған ұқсайтын.

      - Ей Рахима! Ол сырқат болған Айуб менмін. Аллаһу та’ала маған денсаулық берді.

Кейін шүкір етіп екеуі жылап алды. Қалаға кірерде халық оларды қуанышпен қарсы алды. Қаусап тұрған үйлерінің жаңаланғанын және бұрын қолынан алынған мал-мүлкі мен бала-шағаларының кері берілгенін көрді.