Мұсылмандар неліктен артта қалды

/upd/2016/0609/1465460563575927538b2de9.04578172.jpg

Тарихтың әрбір дәуірінде қандары бөлек, тілдері, салт-дәстүрлері бөлек болған қаншама халықтар, араларындағы айырмашылықтарға көз жұмып бір сенімді немесе бір пікірді ұстанып үлкен Империя құрғандарын көреміз. Бұл халықтарды бірге ұстап тұрған негізгі себеп, Аллаһу та’аланың әмірі болған еңбекқорлық, әділеттілік, жақсылық, құрмет сияқты діннің негіздері еді. Османдық түрктерді де қысқа ғана уақытта Виана қорғандарына дейін алып барған күш, сұлтан Османның және балаларының мықтап ұстанған, рухқа және денеге қуат берген Ислам дінінің нұрлы жолы еді. Христиандық Европаның сүйенген  жалғыз  қорғаны болған Францияны қоршауға алған Тұран ғұндары кез-келген бір хақ дінді ұстанған болғанда және ол жерлерге осы хақ діннің руханиятын және тәрбиесін алып барғанда хазіреті Омардың “радиаллаһу анһ” әскеріндегі әділеттілікке мейірімділікке қайран болып, қуана қуана мұсылман болған Дамаск христиандары секілді, поптардың қысымынан, карольдерінің зулымдығынан шаршаған батыс христиандары да оларды құшақтарын жайып қабылдамас па еді? Әмәуилер Ислам дінін Испаниядан Европаға кіргізді. Фас, Кардова, Кларнет университеттерін құрып батысқа ілім және ағартушылық нұрын жайды. Ғалымдарға және білімге қатты мән берді. Соның арқасында Андулузияда білім өте дамыды. Жан-жақтан, басқа мемелекеттерден білім алуға адамдар ағылып жатты. Кардовада үлкен және керемет медицина факультеті құрылды. Европадағы ең алғашқы медицина факультеті осы болған. Бірақ кейін Ислам тәрбиесін, Аллаһу та’аланың әмірлерін орындамағандықтан, тіпті Әһли сүннет сенімін бұзып, Исламды іштен құлату жауыздығы басталғандықтан Пирене тауларынан аса алмады. Андалузия 1492 ж испандықтардың қолына өтті. Әмәуилер, Әмір Темір ұлдары және Османдықтар секілді мемлекеттер әһли сүннет сенімінде және діндеріне берік ел болған. Бірақ өкінішке орай бұл жерлерде де уақыт өте келе Ислам діндарлығы әлсіреп кетті. Көптеген құрылыстар, өндірістер діндегі надандардың, масондардың қолына өтті. Масондар мұсылмандардың артта қалуы үшін медреселерден физика, математика, астрономия секілді жаратылыстану пәндерін алып тастады. Дін адамдарын жаратылыстану білімдерінен хабарсыз етіп жетілдіріп, Исламды іштен құлата бастады. Бір жағынан ілімнен жұрдай етті. Екінші жағынан да тәрбие, әдептілік, ұяттылық және діндарлық бұзылды. Империя құлдырады.