Стамбулдың алынуы

Стамбул алынуы, 6 сәуір-29 мамыр арасында 53 күнге созылған шайқастардан кейін іске асты. Фатих Сұлтан Мехмет (Мұхаммед) хан отауын Топқапы-Малтепеде құрды. Топкапы-Едірнекапы арасындағы орталық майданын тікелей өзі басқарды. 300 000 әскер және 20 теңіз флотынан тұратын жауынгерлердің жермен көкті сілкіндірген тәкбір мен таһлил дауыстарымен Фатих Сұлтан Мехмет хан Топқапыдан қалаға кірді. Стамбул жеңісі түрік және әлем тарихында өте маңызды орын алады. Теңіз флотын Бешикташтан Халичке ормандық алаңмен қапталған төбеден жүргізіп өткізудегі ойлап табылған технология Фатих ханға тиісті еді. Халич бұғазынан бос бөшкелерді қатар қойып, үстіне тақтайлар байлап ені 5,5 метр болатын көпір құру арқылы бүкіл жаяу әскердің өтуі әскери технологиядағы тапқырлықтың нәтижесі еді. Фатих Сұлтан Мехмет хан өте батыр, өте ақылды болумен қатар,  өте керемет жетілген бір басқарушы еді. Грек, Латын, Италиян, Франсуз, Арап, Парсы және Ибрани тілдерін өте жақсы білетін. Жақсы білім алу арқылы, сол кезеңнің бүкіл ғылымдарын жетік меңгерді. Астрономия, математика, әскери ілімдер, тарих, т.б