Ислам дініндегі алғашқы қор

/upd/2016/0610/1465545590575a73767dc6d1.05801937.jpg

Исламда алғашқы қор пайғамбарымыз Мұхаммед алейһисселам тарапынан хижреттің 3-жылы Мәдинада құрылды. Пайғамбарымыз өз иелігіндегі жеті құрма бауын Исламды қорғау мақсатында қордың иелігіне берген. Пайғамбарымыздың осы сүннетін сахабалар да қолдаған. Хазреті Омар Мәдинадағы Семг деген құрма бауын «не істейін?” деп сұрағанда пайғамбарымыз “жемісін қордың иелігіне бер» деген. Ол бұл бақшаны қордың меншігіне береді. Хазреті Омар бұл бау туралы мынадай өсиет жазған: Бисмиллаһир рахманир рахим. “Бұл – мүміндердің әміршісі, Аллаһу Та’аланың құлы болған Омар бин Хаттабтың өсиеті. Семг, Сырма бин Әкуә және ондағы құл, Хайбердегі 100 үлес және ондағы құл және расулдың берген 100 үлесін сатылмау және сатып алынбау шартымен қордың иелігіне бердім. Бұлардың барлығына қызым Хафса басшылық жасайды. Ол қайтыс болғаннан кейін жанұясында ең қабілетті адам өкіл болады. Өкіл кедейлерге, мұқтаж адамдарға және туыстарына қалағанынша жеміс бере алады, садақа етіп те беруіне болады. Өкілдің бұл заттарды пайдалануы, жегізуі немесе құл сатып алуына болады”. Хазреті Әбу Бәкір, хазреті Осман, хазреті Әли және басқа сахабалардың да қорлары болды. Жабир “Мен мұхажыр мен ансарлардан қор ашып, садақа бермеген малы мен күші жеткілікті адамды білмеймін” деген.