Салаһиддин Айюби

/upd/2016/0610/1465546379575a768ba80ff0.80536341.jpg

Өмірін христиандардың Крестік жорықтарына қарсы күрес ішінде өткізген Сұлтан Салаһиддин Айюби 1137 жылы туылған және 4 март 1193 жылы Шам қаласында қайтыс болған. Кресттіктерге қарсы болған бүкіл соғыстарда басым келіп, тарихта жарық жеңістер қалдырған. Сұлтан Қылышарслан заманындағы Крестік жорық кезінде христиандардың қолына өткен Құдысты 1187 жылы қайтарып алған. Бұл жеңіске байланысты бүкіл Европа көтерілген бірақ Салаһиддин Айюби соғыстарында бір рет те шегінген емес. Салаһиддин Айюби діні және отаны үшін майданнан майданға түскен ерекше тұлға болған. Дұшпанға қарсы да Исламның әділет және Иһсан қағидаларынан ешбір уақыт айрылмайтын еді. Кресттіктер Мұсылман тұтқындарды қылышпен жаншып жатқанда, ол болса қолындағы христиан тұтқындарға Исламның әмір еткеніндей жақсы мәміледе болған. Қаншама қаһармандықтары халық аузында аңызға айналып әлі күнге дейін айтылуда.