Наполеон не деді?

Есімі тарихта әскери данышпан, сонымен қатар мемлекет қайраткері ретінде танылған Франция императоры бірінші Наполеон (1769-1821) Мысырға кірген (1798ж) жылы Ислам дінінің  ұлылығына, дұрыстығына қайран қалған, тіпті бір кездері мұсылмандықты қабылдау туралы да ойлаған. Төменде айтылған сөздер”Черфилсин” атты еңбегінен алынған: Ол былай дейді: “Аллаһу Тағаланың бар және бір екендігін Мұса алейһиссалам өз ұлтына, Иса алейһиссалам өз үмбетіне, ал Мұхаммед алейһиссалам бүкіл әлемге баяндады. Арабстан толығымен пұтқа табынатын еді. Иса алейһиссаламнан алты ғасырдан кейін Мұхаммед алейһиссалам өзінен бұрын келген Ибраһим, Исмаил, Мұса және Иса алейһиссаламдар уағыздаған Аллаһу Тағаланы арабтарға танытты. Арабтардың қасындағы ариендер және Исаның ақиқат дінін бұзып, оларға үш тәңірі, яғни Аллаһ, Аллаһтың ұлы, Қасиетті рух сияқты сенімдерді таратуға тырысқандар шығыстағы бейбіт өмірдің шырқын бұзған еді. Мұхаммед алейһиссалам оларға тура жолды көрсеткен, Аллаһтың бір екендігін, Оның әкесінің де, баласының да жоқ екендігін айту арқылы бірнеше Құдайға сыйынудың пұтқа табынушылықтан қалған әдет екендігін түсіндірді”. Кітаптың тағы бір жерінде Наполеон: “Менің ойымша жақында бүкіл әлемнің зиялы адамдарын жинап, бір үкімет құруға және бұл үкіметті Құранда жазылған негіздер бойынша басқаруға мүмкіндік табамын. Тек Құранда жазылған негіздердің дұрыстығына сенемін. Бұлар адамды бақытқа жеткізеді” дейді.