Материяның құрылымы

/upd/2016/0608/14653757025757dbd6e4a796.41405880.jpg

Жасуша, адам, су, дүние, ғарыш, өсімдіктер мен жануарлар сияқты материяның құрылымы да бір әлем болып табылады. Осы кең білім әлемінің түбіне бойлаған сайын Аллаһ Тағаланың құдіреті мен ұлылығының алдында ақыл өте ұсақ нәрсе болып қалып, міндетін жүрекке тапсырады. Берілу мен ойлану қанаттары арқылы ғибадат ләззатымен көкжиектен асып ары қарай ұшады. Атом: Әлемнің ең кішкентай құрылымы. Атомның ортасын құрайтын протонның айналасында белгілі орбитасы болады. Осы орбиталарда электрондар әрекет етеді. Бұл электрондардың саны атомға қарай өзгереді. Сутегінде біреу, қалғандарында жүздеп кездеседі. Электрон бір секунтта 2,5 миллиард рет ядроны айналады. Секунтына1000 км жол жүреді. Жаратылысынан бері миллиардтаған жыл осылай жалғасып келеді. Электрондардың ешқайсысы басқалармен қиылыспайды, соғыспайды және бұзылмайды. Атомда электрлік теңдік бар. Электрлік разряд тең болмаса, барлық атом бір-бірін тебер еді. Әлемнің жоқ болуы осы теңдіктегі миллиард есе миллиардтан бір ауытқумен пайда болады. Яғни, әлемнің және жанды нәрселердің болмысы өте мұқият теңдіктермен жүзеге асқан. Бірдей разрядты элементтер бір-бірімен тебіседі. Бір-бірін итеруі керекті протондар мен атом ядросы бір жерде қалай бірге болады? Атом физигі ғалым В.Хейсенбергтің айтуынша «Протонға көрші болған нейтроннан негативті элемент шығады. Бұл элемент - мезон. Негатив разряд алған протон нейтрон болады. Негативті разряд жоғалтқан нейтрон протонға айналады. Бұл құбылыс атом ядросындағы барлық протондармен көрші нейтрондар арасында секунтына миллиардтаған рет қайталанады. Осылайша, бір протонның жанындағы протонды итеруге уақыты болмайды. Атом ядросындағы протондар мен нейтрондар арасындағы  мезон ауысымы бір сәт тоқтаса әлем сол сәтте, секунттың миллиардтан бір бөлігіндей аз уақыт ішінде жоқ болады».