Бағдаттың алынуы

/upd/2016/0610/1465547356575a7a5c335c31.50828332.jpg

Осман мемлекетінің тарихында Бағдат екі рет жаулап алынды. Қануни Сұлтан Сүлеймен хан 1533 жылы өзінің алтыншы жорығын Иран мемлекетіне жасады. Бұл жорықта Иран мемлекетінің біраз өңірлері Осман мемлекетінің қолына өтті.1534 ж 13 шілдесінде Тәбриз қаласы, 1534 ж 28 қарашасында Бағдат қаласы алынды. Осылайша 500 жыл Аббасилердің бас қаласы болған және Хазреті Имам Ағзам Әбу Ханифаның қабірі жатқан жер Осман мемлекетіне өтті. Сұлтан IV- Мұрат ханның дәуірінде Бағдат қаласы Сафауи (қызылбас) мемлекетінің қол астында еді. Сұлтанның өзі бастаған жорықтың ақырында, 40 күндік қамаудың нәтижесінде Бағдат қаласы қызылбас шиит зұлымынан құтқарылады. (24 желтоқсан 1638 ж) Сұлтан IV- Мұрат хан, Сафауилер тарапынан құлатылған хазреті Имамы Ағзам Әбу Ханифаның қабірін зиярат етіп, қайта жөндеуден өткізеді.